Список статей
Кезекті бағытта туристік экспедицияжалғасты.

Кезекті бағытта туристік экспедиция жалғасты

2018 жылғы 28-29 шілде күндері аудан оқушыларының «Туған жзерке тағзым» атты туристік экспедиция құрамы кезекті бағытта  саяхатқа барып келді. Осы жолы оқушылар «Кеңащы-Ақбұлақ-Еңбекшілдер-Алға-Уалихан-Қойтас» бағытында екі күндік саяхат жасады. «Намазқұл» биіктігінен басталған жорық қазіргі кезде  орны ғана қалған «Қойтас» ауылының жұртында аяқталды. Оқушылар  осы жолы тек қана  биіктікті өлшеу, компаспен жұмыс істеумен шектелмей, археологиялық қазба жұмыстарын да жасады. Ескі жұрттардан кеңес кезіндегі пайдаланған кітаптарды, заттарды тапты. Сонымен қатар, елдімекендердің бұрынғы қалпы қалай болғанын сызба-нұсқа арқылы көрсетті. Осы жолғы жорық барысында оқушылар «Өркен-Атансор» кенішінде де болды. Аудандағы пайдалы қазбалардың бірі-темір рудасының қалай алынатыны, оның қалай өңделетіні жайлы кеніш қызметкерлері толық мағлұмат берді.

Автор: Мурзагулова М.А.
Просмотров: 111
Дата создания: 31 Июля 2018 г.
Дата редактирования: 31 Июля 2018 г.
www.egov.kz
Опрос