Ауданымызда «Ботақан» шағын орталығы ашылды

Ауданымызда «Ботақан» шағын орталығы ашылды

 

Жаңа мемлекет басында тұрған

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - біздің тұңғыш президентіміз. Қазақстан азаматтары

жолдың дұрыстығына ешқандай күдіксіз, болашаққа сеніммен қарайды. Елбасы саясатының

арқасында біздің мемлекет одан әрі батыл жүріп дамып, гүлденеді. Осы тұңғыш

президент күніне орай  Макин орта мектебінде отызыншы

қараша күні  «Ботақан»  атты шағын орталық ашылды. Салтанатты ашылуға

аудан әкімі Қиықов А.М., әкімнің 

орынбасары Ахметова О.Т., аудандық білім бөлімінің бастығы Абдикенов Р.К.,

ауыл әкімі Шарипов А.Р., депутат Қазыбаев Е.М., қатысты.

« Еңбекшілдер жаршысы» газетінің редакторы Устьянцев В.В, болды.

Салтанатты ашылу рәсімінде әкім сөз сөйлеп ата-аналарды ашылу

салтанатымен және келе жатқан тұңғыш президент күнімен құттықтады. Құттықтау

сөзден соң Макинка ауылының ақ жаулықты әжесі Кенжегарина Бахытжамал апаға сөз

берілді. Ол әкімге өз алғысын білдіре отырып, келген қауымды шағын орталықтың

ашылу салтанатымен құттықтап, шашу шашылды. Аудан әкімі Қиықов А.М ашылу

салтанатына арнап түрлі-түсті теледидардың сертификатын тарту етті. Соңында

келген барлық қонақтар бүлдіршіндердің дайындаған тақпақтары мен әндерін тамашалады.

Автор: Р.Абуов
Просмотров: 79
Дата создания: 30 Ноября 2017 г.
Дата редактирования: 30 Ноября 2017 г.